Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Жер қойнауын пайдалану департаменті туралы

ереже

 

1.     Жалпы ережелер

1.     Жер қойнауын пайдалану департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің негізгі міндеті уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

2.     Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3.     Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

4.     Департамент:

1)     Келісімшарттар басқармасынан;

2)     Келісімшарттық міндеттемелерді орындау басқармасынан;

3)     Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасынан;

4)     Жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасынан;

5)     Жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту басқармасынан тұрады.

 

2.    Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

5.                Міндеті: Уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында келісімшарттар жасасу және оларды өзгерту.

Функциялары:

1)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлігіндегі тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;

2)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге келісімшарт талаптары туралы жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу;

3)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге келісімшарт құжаттарының жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

4)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына сәйкес бюджетке салықтардың толық төленуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

5)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және сақтауды қамтамасыз ету;

6)           конкурс жеңімпазы не тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасалатын адам әзірлеген уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларына, емдік балшықтарға, қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт  жобасын келісу;

7)           жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу және орындау барысында Қазақстан Республикасының мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

8)           жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптары туралы келіссөздер жүргізу;

9)           жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларын қол қоюға дайындау, оларды тіркеу және сақтау;

10)      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеу;

11)      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданылу мерзімін ұзарту (ұзартудан бас тарту туралы) және келісімшарт аумағын кеңейту туралы шешімдерді дайындау;

12)      келісімшарттық талаптарды өзгерту мен толықтыру және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға толықтыруларды өзгерту туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері бойынша шешімдер дайындау;

13)  лицензиялар мен келісімшарттардың талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау жөніндегі Министрліктің жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

14)  уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларының, емдік балшықтардың, қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру, бағалау және әзірлеу бойынша жобалау құжаттарын қарау жөніндегі Орталық комиссияның отырыстарын өткізу;

15)  жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына құқықтық және экономикалық сараптама кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсынылған  наразылықтарын қарау үшін келісу комиссиясын қалыптастыру;

6.       Міндеті: жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру және келісімшарттар қолданысын тоқтату бойынша ұсыныстарды дайындау.

Функциялары:

1)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

2)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге келісімшарт шарттарының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне жыл сайынғы есепті беру;

3)       жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауын бақылау;

4)       жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді орындауын талдау және мониторингі;

5)       сот органдарының шешімі бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес  жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын жаңарту;

6)       тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемені қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауы мониторингін және бақылауды жүзеге асыру;

7)       жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сот процестері үшін ақпараттық материалдарды дайындау;

8)       есептік күндер үшін ЛКТ есептерінің қорытындылары бойынша лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын тұрақты негізде мониторингілеу және бақылау;

9)       Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушыларға кешенді және жоспардан тыс тексеру жүргізу;

10)  жер қойнауын пайдалану объектілерін жою бойынша жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу;

11)  жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді бұзуы туралы хабарламаларды дайындау және жіберу;

12)  жер қойнауын пайдаланушыларды сақтандыру бағдарламаларын келісу;

7.                Міндеті: Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Функциялары:

1)                Ұлттық компания мен құзыретті орган арасында тікелей келіссөздер қорытындысы бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларына, емдік балшықтарға және қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келісу;

2)       уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс дайындау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;

3)       Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауына уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектіні пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныстарды пысықтау үшін қажет материалдарды енгізу;

4)       Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектіні пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешімді қабылдау;

5)       жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектілерді пайдалану құқығын иеліктен шығаруға рұқсат (рұқсат беруден бас тарту) беру, жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) кепілге беру, сондай-ақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру бойынша мәмілені тіркеу;

6)           уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалары бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі жобаларын әзірлеу;

7)           табыстау актісі немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның бөліністік теңгерімі негізінде қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектілерді пайдалану құқығын құқықтық мирасқорлық тәртібіне ауыстыруға рұқсат беру;

8)           уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектілерді пайдалану құқығын өткізу (сату) бойынша сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру;

9)           сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланғанда, кепіл ұстаушыға  кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын (оның бөлігін) және (немесе) объектілерді пайдалану құқығының иесі болуға) рұқсат беру;

10)      конкурстың талабы ұлттық компанияның үлестік қатысуы болып табылатын,  уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар және қатты пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін қалыптастыру; 

11)      барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты жер қойнауын өндіруге пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру бойынша операциялар жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін айқындау;

12)      уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларына, емдік балшықтарға және қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бағалау жұмыстарының кезеңіне көшуге рұқсат беру;

13)      уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын жаңарту туралы шешім қабылдау;

14)  конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің және қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде ұлттық компанияның қатысу үлесі бар блоктардың тізбесін қалыптастыру және ол бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу;

15)   қол қою бонусының және конкурсқа қатысу құқығы жарнасының мөлшері туралы ұсыныстарды дайындау;

16)  уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс талаптарын қалыптастыру;

17)  барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаттар беру бойынша ұсыныстарды дайындау;

18)  жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін тікелей келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу;

19)  кеңінен таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттар мен шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шарттарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеу;

20)  жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданыс мерзімін ұзарту және келісімшарт аумағын кеңейту туралы шешімдерді дайындау;

21)  келісімшарт талаптарын өзгерту мен толықтыру және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға толықтыруларды өзгерту туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері бойынша шешімдер дайындау;

22)  жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау жөніндегі сараптамалық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

8.       Міндеті: Жер қойнауын пайдалану саласын талдау және стратегиялық жоспарлау.

Функциялары:

1)       Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

2)       заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу;

3)       Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласын дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша ұсыныстар дайындау;

4)       жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі жұмыс топтарына қатысу;

5)       Департаменттің құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу;

6)       қолданыстағы заңнама мониторингі;

7)       Қазақстанда озық елдердің тау-кен секторының оң тәжірибесін ендіру мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;

8)       халықаралық тәжірибені, оның қолданылу практикасын және мемлекеттің  ұлттық саясатын ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау (қажет болған кезде тәуелсіз консультанттарды тарта отырып);

9)       Министрліктің сайтына орналастыру үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ақпараттық қамтамасыз ету;

10)  жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мақсатында іс-шараларды іске асыру кезіндегі бюджеттік жоспарлау;

11)  мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін техникалық ерекшелікті дайындау;

9.       Міндеті: Жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.

Функциялары:

1)           Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттердің уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, емдік балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлігіндегі келісімшартты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізу және келісімшарттар жасасу;

2)       тау-кен саласына инвестицияларды тарту мақсатында өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

3)       тау-кен саласында инвестициялық ахуалды жақсарту үшін басым бағыттарды айқындау;

4)       саланы дамыту үшін имидждік саясат бойынша жұмыс жасау;

5)       отандық, халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар бойынша жұмыс жасау;

6)       отандық, халықаралық ұйымдармен және елдермен шикізат әріптестігі бөлігіндегі келіссөздерді ұйымдастыру және оған қатысу;

7)       өз құзыреті шегінде реттелетін саладағы нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық келісімдердің жобаларын әзірлеу және келісу;

8)       жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысына және соның ішінде Үкімет аралық комиссияда және арнайы құрылатын жұмыс топтарына қатысу;

9)       анағұрлым тартымды инвестициялық жобаларды анықтау бойынша талдау және жұмыстар жүргізу және Австралиямен, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия елдерімен, Кеден одағы елдерімен, Еуропа елдерімен бірлескен жобалар жүргізу;

10. Құқықтары мен міндеттері:

10.1. Департамент:

1)               басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шет мемлекеттерде Министрлік мүддесін білдіруге;

2)               Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге;

3)               Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және жер қойнауын пайдалану саласындағы ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды, қорытындыларды және ақпаратты сұратуға және алуға;

4)               жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша бірлескен үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына және халықаралық іс-шараларға белгіленген тәртіппен  қатысуға;

5)               бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстарының және халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Министрлік басшылығына тиісті ұсынымдарды және ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға;

6)               Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларынан және қызметкерлерінен отандық және шетел делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер нәтижелері бойынша, сондай-ақ қызметтік іссапарлар қорытындылары бойынша қорытындылары мен ұсынымдары бар есептер мен хаттамаларды сұратуға және алуға;

7)               Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

10.2. Департамент мынадай міндеттерді орындайды:

         1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың отырыстарына Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдарды Министрліктің басшылығына дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне жататын өзге міндеттерді орындайды.

 

3.     Департамент қызметін ұйымдастыру

11. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

12. Департамент Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін сүйемелдеу және оны жетілдіру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді  (ҚР ЖП ББМЖ).

13. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

14. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын орындауға жеке жауапты болады.

15.Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

16.Осы мақсаттарда директор:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасарлары болады.

18.Департамент директорының орынбасарлары:

1)    өз өкілеттіктері шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2)    Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын орындауға жеке жауапты болады;

3)    Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19.Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

20.Департамент директоры, оның орынбасалары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

21.Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Жер қойнауын пайдалану департаменті