Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 134-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Премьер-Министр

 

     Республики Казахстан

Б. Сағынтаев

 

 

 

Жарияланған: 15.03.2017
Жаңартылған: 25.04.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Жер қойнауын пайдалану департаменті